Өлең, жыр, ақындар

Желдің де билігі жоқ

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1997
Таң атады, сейіліп қараңғы да,
Күн келеді, көңілді алаң қыла.
Жапырақтар ұшады тал басынан,
Жаз көйлегі тағы да тоналды ма?
Түнгі үнсіздік жоғалып, серпіледі.
У-шу оны бір демде-ақ өлтіреді.
Ең соңғы жапырақтар үлгермеген
Қара суық ұрған соң тентіреді.
Қараша мұздатады кісі демін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін.
Қарайып, қапы қалған жапырақтың
Көрдім мен қарда қалып, үсігенін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана

  • 0
  • 1

Ана, сені жұбата алман. Не деймін?
Құлағымда қалды үнің: «Көбейгір!»
Ақ сүт қана болған күндер қорегім,
Қанша шуақ, мейірімге бөледің?

Толық

Жастығым

  • 0
  • 1

Бармас та жерге барғыздың.
Талай да күйге салғыздың.
Нені іздегенмін мен сонда,
Жанымда әлі жалғыздық.

Толық

Бұқарбай еліне

  • 0
  • 0

Өзінен ғана табылған барлық керегі,
Атайбоз бидің елі еді.
Ескілік жол мен ескі ғылым еді қорегі,
Жақыпбай молда төрі еді.

Толық