Сүйінші жыры – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сүйінші жыры» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1509
Рахмет саған, Партия,
Әділім менің, қамқорым,
Тағы бір қалды жарқырап
Қуаныштан жан төрім.
Орденді Торғай атанып,
Туған жер жатыр той жасап,
Ғажаптың мынау аты анық,
Толғанып терең ойласақ!
Кеп-кеше туған жаңа өлке,
Керемет күшпен тасқындап,
Ағыл да тегіл береке,
Кәрі де жайнап, жас қунап.
Қайраттың зорын көрсетті-ау,
«Мен саған сендім!» дегенде.
Тұрғызып дәннен маржан тау,
Қозысы сыймай көгенге.
Қаласы шапшаң салынып,
Қадамы алыс аршындап,
Адамы жеңіс сағынып,
Кірісіп еді ал шындап!
«Жассың ғой әлі» дегізбей,
Қатарға кірді қапталдап.
Бұрқырап тасып теніздей
Қарғыды көкке от қайрат!
Лениннің өзі хат жазған
Азамат соғыс күні есте.
Торғайың сонда топта озған
Азаттық үшін күресте.
Мінекей бүгін көр, елім,
Заманы келіп колдауға,
Қадады Ленин орденін
Жап-жалпақ біткен омырауға.
«Сүйінші!» — деймін, туған жер,
Даланың төсін жаңғыртып,
Ағылсын бүгін думан жыр,
Ағайын қалма әнді іркіп!
Абырой, бақыт қиын ба
Орнайын десе, орнайын!
Жалауың жайнап қиырда
Жарқыра менің, Торғайым!
Қазақша болдың көзайым,
Жап-жаңа өлке, жас ұлан.
Құттықтап, қолым созамын
Ақ торғын аспан астынан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйінші жыры өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сүйінші жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйінші жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйінші жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері