Менің сырым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Менің сырым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1143
Шынымен қалғаным ба ұятқа анық,
... Кеудемнен ағыл-тегіл күй ақтарып.
Өзіме құдіреттей сенбеуші ме ем,
Бір ерлік жасайтын-ақ сияқтанып.
Асыға,
Әппақ шыңға тиіп көңіл,
Шығатын сияқты-ақ ем биікке бір!..
Барады-ау дедектетіп,
Түк бітіртпей,
Зуылдап,
Зулап ағып,
Сүйікті өмір!
Көк дөнен көсіле бір ұшпады ма,
Алқынып,
қалғаным ба тұста мына?
Сенетін сияқты-ақ ем,
Жүрегімде
Жалғанды жалт қаратар күш барына!
Қуанып,
Қайғырып та бұл тірлікте,
Алдық та...
Бердік...
Көп іс бітірдік те.
Сонда да жанға тоят таппадық қой,
Көнбестен көңіл шіркін «шүкірлікке...»
Сонда да өзен біткен дұрысқа ақпай,
Жатқандай,
Қойды-ау жүрек тыныс таппай!
Бос сілтеп бұғалықты жүргендеймін,
Алтын жал арғымақ жыр бір ұстатпай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің сырым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Менің сырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің сырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің сырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері