Қайғымды қалай ғана бүркемекпін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қайғымды қалай ғана бүркемекпін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Қайғымды қалай ғана бүркемекпін,
қарғам-ай, қарап тұрып діңкелеттің.
Ықпаған жолбарыстан жүрегімді
көжектей асыранды үркек еттің
Бір қырсық айналдырып биыл мені,
жанымның күйзелгені, күйінгені.
Бермейтін ханға сәлем қайран басым,
алдына кімнің ғана иілмеді!
Жайымды түсінбесе бір ағайын,
жалынып,
кімге барып жыланайын?
Жәудіреп бота көзі,
менен үміт,
күтеді,
күтеді әлі құралайым.
Былғанып бойтұмардай тұп-тұнығым,
ащырақ аяқ асты шықты ма үнім?
Құдай-ау, мықтылығың кімге дәрі,
күлкісіз өтіп жатса құтты күнің.
Тағдырға не жаздым деп діңкелеткен,
көрсетпей,
көздің жасын сүртем еппен.
Қарадан қорықпаған жүрегімді,
қарғам-ай, осыншалық үркек еткен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайғымды қалай ғана бүркемекпін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қайғымды қалай ғана бүркемекпін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайғымды қалай ғана бүркемекпін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайғымды қалай ғана бүркемекпін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері