Дүңкілдеген дойырындай дүлейдің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Дүңкілдеген дойырындай дүлейдің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Дүңкілдеген дойырындай дүлейдің,
көкіректі кеткен алып үрейлі үн,
тайғанадық,
жанарымды жас қарып,
қайда барып табанымды тіреймін?!
Жаннан күдер үзгені ме сананың
жанарымды жоғарыға қададым.
Жел қай жаққа жіберері белгісіз,
қайда барып тірелері табаным...
Үрей..,
дүлей...
аты да жоқ,
жөні де,
жігерімді жеп барады кеміре,
әзірейіл жетпекші ме шынымен,
құрдымға алып кетпекші ме мені де?
Көкіректе аты-жөні жоқ үрей,
күндіз-түні қойды-ау тегі кемімей,
арымды да,
қанымды да азайтып,
жанымды да жеп барады жегідей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүңкілдеген дойырындай дүлейдің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Дүңкілдеген дойырындай дүлейдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүңкілдеген дойырындай дүлейдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүңкілдеген дойырындай дүлейдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері