Біледі не дерімді ел де менің, – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Біледі не дерімді ел де менің,» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 694
Біледі не дерімді ел де менің,
бет ауған жаққа лағып,
желдемедім, —
түбінен құлағымның ес кіргелі,
қаншама естілмеді көлденең үн.
Бұзылмай баяғы ырғақ, бұрынғы әнім,
бой салып, біреуіне бұрылмадым.
жеткізіп жетеліге өз үнімді,
қаншалық төзімімді шығындадым.
Өзгере қоймағанға өмір әлі,
жанарым жасқа толып, шомылады.
Үймеді боқ дүние басыма бақ,
тимеді қызықтың да молырағы.
"Бұл мақұрым қалмағыма кім кінәлі?"
біле алмай мен де соны жүрмін әлі,
жаныңа бата түсер
күндеріңнің,
тұлдырсыз түндеріңнің сырғығаны.
Сөзімнің бұзбайын деп бұрынғы әрін,
орынсыз өзімді өзім шығындадым.
Біледі ел не дерімді,
өнерімді,
біледі қаншалықты қырым барын.
Бір ауыз естіле ме еңіреп үн,
біледі ел не дерімді тегі менің,
Тағы да өзімді өзім байқағым кеп,
жылы сөз айтамын деп келіп едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біледі не дерімді ел де менің, өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Біледі не дерімді ел де менің, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біледі не дерімді ел де менің, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біледі не дерімді ел де менің, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері