Ауыр тиіп өмірдің өткелдері – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ауыр тиіп өмірдің өткелдері» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Ауыр тиіп өмірдің өткелдері,
арғымағым арыды,
көп терледі,
жетпей қалып жүреді созған қолым
тиіп тұрған гүлге де бөктердегі.
Батып-шығып үнемі тұңғиыққа,
жүре алмадым өзім де ылғи ықта,
пенделікке бұрғызбай
ақ періштем,
қашан болсын,
қалғымай,
тұрды иықта!
Қайда барсам
қалғымай ақ періштем,
қорғап келе жатады жат керістен.
Қорғап келе жатады ұшқанда да,
құшқанда да аруды тәтті өбіспен.
Қыр соңыма түскенде жау ысқырып,
тілеуімді тілейді тау ышқынып.
Көзімді де ілмеген күндерім бар,
атымды да мінбеген ауыстырып.
Алдарқатып мені де, арбай күліп,
қарсы алдымнан кезіксін қандай бүлік,
жеме-жемге келгенде
жүзі тайқып,
қалатынын байқадым сәл қаймығып.
Түгім жоқ-ау десем де тарығатын,
баяғыдай желмейді арып атым.
...Солай енді, жұрағат,
отыр тағы
ақтарып сап алдыңа барын ақын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыр тиіп өмірдің өткелдері өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ауыр тиіп өмірдің өткелдері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыр тиіп өмірдің өткелдері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыр тиіп өмірдің өткелдері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері