Сынады мені – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сынады мені» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.05.2021
  • 0
  • 0
  • 877
Сынынан өтіп уақыттың,
сынынан өтіп Бақыттың,
тірліктің ащы-тұщысын,
бір кісідей-ақ татыппын.
Қаз басып, қашан, тұрғанша,
сынады мені жыр қанша.
Таяқ та жедім тағдырдан,
басы байлаулы құлдарша.
Құрбым да мені сынаған,
құрдым да мені сынаған,
Тәңірі басқа салғанға
көнбейтін бе еді бұл адам!
Ғашықтарым да сынады,
пасықтарыңда сынады.
пысқырмай өтіп қасынан
жасытқаным да сынады.
Алтын да мені сынады,
даңқың да мені сынады.
Қайратты жан ба,
жоқ па деп,
халқым да мені сынады.
Салмай-ақ терең зынданға
сынап келеді сұмдар да.
Көзімнен аққан ащы жас,
өзімнен туған ұлдар да.
Тірліктің темір қақпаны
қапымды қашан таппады.
Алқымнан алған тағдыр ит
айырылмай келе жатқаны!
Жаныма жапа шектірген,
қабырғамды да сөктірген.
қыл көпір сынды қаншама
өткелдерден өттім мен.
Тұрғанда қызып көкте күн,
көресім әлі көп менің.
пенделік жасап әйтеуір,
абыройымды төкпедім.
Біреулер мұны бөсті дер,
біреулер үні өшті дер,—
бәріне төтеп берген деп,
бір күні бәрін естір ел!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынады мені өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сынады мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынады мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынады мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері