Жұбату – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жұбату» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1129
Бәтір-ау, түсіп кеткен еңсең неге,
қиналып, қыстықпа да кемсендеме,
жерден де, елден де әлі жерсің таяқ,
қайысып, майысар да семсер дене.
Айналаң азамат деп танығанша,
безгің де келер елден анық аңша,
күйерсің,
күйінерсің,
сүйінерсің,
жыларсың,
жығыларсың әлі қанша!
Дәм-тұзын тірлік шіркін тең бөлген бе,
түсірер әлі талай сергелдеңге,
әйтеуір...
арманыңның алдағанын,
жұлдызың жанбағанын елден көрме!
Құрбыңнан қатар өскен кем бе бағың,
жабығып,
жаба көрме елге бәрін,
Көкдауыл көңіл бұлтын айдап өтер,
естілмей қайда кетер сенде бар үн!
Қалпында ерге сенген,
жерге сенген,
аман жүр, айналайын, сен кеселден!
Біреуге ұнасаң да,
жыласаң да,
оқыста құласаң да —
көрмеші елден!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұбату өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жұбату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұбату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұбату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері