Биіктік – Ұлмекен Лесбекова

Бұл бетте «Биіктік» атты Ұлмекен Лесбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1505
Жаңылмайтын жарық күнде пенде жоқ,
Тек тәубеге қайта алса болғаны.
Кесел тисе, әумесерлеу, елде жоқ,
Бәрін, түге, қайта бастау... Ол – ЗАҢы!

Биіктікке әу бастан-ақ құмармыз,
Жорғалап та, жорта шауып, өрмелеп.
Бәлкім, біздер биік болған шығармыз,
АДАМ ата заманында, ертелеп...

Сыр көрсетпей ұланындай текті елдің,
Биік-биік белестерден от алған.
Жүрегіне үстем желік жеткен күн –
Шығара бер оны БИІК қатардан!

Тау басында жалғыз өмір сүрген кім?
Қол созушы ед... Бір адамға бір адам.
Жүрегіне тәкаппарлық кірген күн –
Дей бер оны БИІГІНЕН құлаған!

Кеудем соқтық кеудесіне мінген күн,
Абыл менен Қабылдарда шықты егес.
Жүрегіне мақтаншақтық сіңген күн –
Азаматың, ашық айтам, МЫҚТЫ емес!

Жерге ұрынбай адам, сірә, жүрген бе,
Жаратса да тумысынан биік қып.
Сені бәрі көтере алмай жүргенде,
Сен кімдерді көтересің, БИІКТІК?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биіктік өлеңінің авторы кім?

Ұлмекен Лесбекова — осы өлеңнің авторы.

Биіктік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биіктік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлмекен Лесбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биіктік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері