Ойладың ба? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ойладың ба?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 939
Болатынын ойладың ба ертең не?
Бұғармысың, шығармысың сен төрге,
әлде құдай ұрар ма екен алжытып,
әзірейіл тұрар ма екен желкенде?!
Тамырыңа жылдар уын жайғанда,
қалармысың шараптан да, шайдан да,
Қарғармысың пешенеңе жазғанын,
кеше неге шықпадым деп майданға.
Қуат кетіп аяқтан да, қолдан да,
бел-омыртқаң бүгілместей болғанда,
оңашада езілерсің, не керек,
кезігерсің енді өзіңнен зорларға.
Айырылып беделден де, белден де,
қарамастай болармысың енді елге,
Күні кеше төбесінен түкірген
жетімектің жетілгенін көргенде.
Көрің жуық қалған шақта төріңнен,
су шыққандай болса отырған жеріңнен,
жүгермектер шекесінен қараса,
күні кеше көгерместей көрінген;
Сырт берісіп шыға келіп көп пенде,
бір уыс боп, бірте-бірте шөккенде,
Аллаңды еске алармысың, болмаса
өкінішпен қарармысың өткенге?
Қаумажалап, шығарғанға ел төрге,
болатынын ойладың ба ертең не?
Күлкі артында мұң барлығын ұмытпа,
әзірейіл тұрғандығын желкеңде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойладың ба? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ойладың ба? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойладың ба? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойладың ба? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері