Таңжарық – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Таңжарық» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Құс жолында қозғалады әз оттар,
Күн астында қасірет бар, ғажап бар.
Шаңырағын күнге ұқсатып көтерген,
Мағжан сынды қазақтар...
Қараңғыда кеудемізді ар қарып,
Жарық сүйдік, күнге қарай қарманып.
Сұлтанмахмұт көкке қарай өрмелеп,
Күн шығыстан үн қатады Таңжарық!
Көрінбеген кеңістікте көсіледі қиялым,
Көк астына қазақ болып сиямын...
Таңжарықтар туған-ды
Мүлгіп жатқан өлкені
Оятпаққа иісімен қою қызыл сияның...
Мақсат көрмей тәтті өмір мен бақты үлгі,
Алаштықтар ар алдында сап құрды.
Жолдыұлы Таңжарықтай тарландар
Ұлы мүдде алдында
Асыл жанын Күнге қарай лақтырды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңжарық өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Таңжарық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңжарық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңжарық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері