Түн. Құса – Мейірхан Ақдәулетұлы

Бұл бетте «Түн. Құса» атты Мейірхан Ақдәулетұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1288
– Мүмкін еме-ес! – дейді ышқынып жүрегім –
...мүмкіндігім сол ғана.
Түсім бе екен?– қол тапсырып жүремін
иманы жоқ молдаға.
– Көне алмаймын!– деп жылайды Өлеңім,
жұбата алмай миым дал.
Оның нұрлы сәуле толы зеренін
быт-шыт қылды құйындар.
Ебірей шал «ел–сенікі!» деп күлді –
...соған да мәз сорлы ағам.
Қиянатқа қия да алмай тектімді,
қостай да алмай, қорланам.
Тиынға өтпей ұят дейтін құрғырың,
ақылынан алжасты Ар –
Өзгеге әлі жетпеген соң, бір-бірін
...талап жемек қандастар.
Пері киіп періштенің желегін,
жайнағансып жалған гүл,
Көктен безіп,күлден іздеп керегін
азып-тозып арман жүр...
Кие көшті бабам сенген ұғымнан–
...қалғаны – құр сөз-қауыз.
Қазақы арман, сенен мүлде суынғам –
шайқап ішсін өзге ауыз!
– Сабыр!–дейсің, жаным-далам, жалғызым –
сабыр сені сал қылған!
Ақ жүзіңе күллі ібіліс салды ізін–
ал,қашып көр тағдырдан...
Әкіреңдеп, әкемсінді көрінген –
...жылап барар жоқ тәңір.
«Ұят күшті, – демеуші ме ең,– өлімнен»,
...кел,кел,мықтым,отқа кір!
Тексіз ұл-қыз таптап сезім қанатын.
ән салып жүр...арсыз ән...
Табалайды ақ шырақты қара түн –
...соңында таң бар шығар?
Шықпаған жан шығар күннен үміткер –
Не бересің келер күз?
–Мүмкін еме-ес! – десеңдерші,ей,жігіттер, –
...іштен тынып өлерміз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн. Құса өлеңінің авторы кім?

Мейірхан Ақдәулетұлы — осы өлеңнің авторы.

Түн. Құса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн. Құса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мейірхан Ақдәулетұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн. Құса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері