Назгүл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Назгүл» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1233
әнге лайықталған

Ауыл жаққа бара қалсам бәз-бірде,
әзіл айтқым кеп тұрады Назгүлге:
"Мен де саған басы байлы бол" демен,
қасыма еріп жүрсеңші, деп, аз күнге!"
Әзіл айтып ара-тұра, күлгізіп,
ала кетші машинаңа мінгізіп.
Жұрт көзінен аулағырақ алып кет,
арғы жағы бола жатар бір қызық.
Рульдегі ақ білегің жарқылдап,
радиоңды басып қал да,
ән тыңдат.
Қараталды өрлеп барып,
кешкілік
терлеп,
талып
қайтайық та салқындап.
Қыста да, көктем, жазда да,
мініп ап жеңіл "Маздаға",
қасымнан өте шығасың
күлімдеп қойып, наздана,
бізге де мойын бұрсаңшы,
бұрсаңшы мойын аз ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Назгүл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Назгүл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Назгүл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Назгүл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері