ТЖ-лар – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «ТЖ-лар» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.
Дәуірдің де даңқы солар төс керер,
Оны ойласаң жанарыңа жас келер.
Кеудесінде жалғандықтың мұзы бар,
Қажет кезде мұз үстінде қызынар,
Басшы алдында жас келіндей сызылар,
Кілең табан жалағыштар — ТЖ-лар.
Оларды ертең адалдықтың тұзы ұрар.
ТЖ-ларға егер бөгет қоймасақ,
Ұлтымыздың ауа райы бұзылар.
Ей, қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма,
Қарасаңшы сақалыңа, шашына,
Ел сенімін ақтағаның осы ма?
Атанғанша жалғандықпен ашына,
Беделіңді намысыңнан асыра,
Күлкі болдың қасың түгіл досыңа.
Биліктің лас көн етігін тіліңмен
Жалайтындай не күн туды басыңа?
Оң мен солым сансыз ТЖ, күлем бе,
ТЖ-ларын көтерген даңқ-кілемге
Әлде қарғыс тиді ме екен бұл елге?
Тек күні үшін жалбаң қағып иілген
Пәс кеудеге асқақ рух түнер ме?
Самал қажет індет бұлтын түрерге.
Жағымпазын тау санаған,
Шыншыл ұлын жау санаған ұлттың
Мүмкіндігі аз мазмұнды өмір сүрерге...
Мінезсіз ұлт айналмайды ұлы елге.


Пікірлер (6)

Bain

Мықты жазылған!)

Суйiндiк

Ар бip казак Мухтар агадай акын болмаса да, дал осындай елiн суйетiн патриот болса......

Азиз

Калайсындар

Аийша

керемет ақын болса осы кісідей ақ болсын ащы болса да шыңдықты айтатын кісі!!

абат

Халқым сеніп сайлаған,
Депутатқа қарасам,
Бүкіл қазақ бұлкүнде.
Жарамсақ па деп қалам!..

...Біреу мені мақтаса,
Депутат па деп қалам,
Ол емесін білгесін,
Депутат бол деп қалам!..

Асылнұр

Бұл кісінің қадірін біле алмай жүрміз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ТЖ-лар өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

ТЖ-лар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

ТЖ-лар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

ТЖ-лар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері