Тілашар – Жарасқан Әбдіраш

Бұл бетте «Тілашар» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7350
Әліппе алып,
Әріп танып,
Тіл сындырдым,
Өліп-талып...

Тағы да той жасап атам,
Талап қойды аса қатаң:

– Беліңді бу –
Қиындарға!
Білімді қу –
Миың барда!

Қолын жайып атам енді,
Маған былай бата берді:

– Қиын жолда,
Миың барда,
Түсірмесін сыйыңды Алла!

– Бола көрме осал! – деді. –
Үздік оқып, «Бес» ал! – деді.

Орындаймын мен талабын,
«Бес» емес-ау – «Алты» аламын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілашар өлеңінің авторы кім?

Жарасқан Әбдіраш — осы өлеңнің авторы.

Тілашар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілашар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарасқан Әбдіраш өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілашар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері