Көгершіндер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көгершіндер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2209
Көгершіндер, көгершіндер,
Мәңгі өсіп-өнерсіңдер.
Алла берген тіршілікті
Елмен бірге көрерсіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Маған анық сенесіңдер.
Сондықтан да, әрбір таңда
Тереземе келесіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Маған сәлем бересіңдер.
Сендер үшін шашып қойған
Нан түйірін тересіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Күнде ерте келесіңдер.
Бейбіт өмір жыршысы деп,
Шындап көңіл бөлесіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Бәрін аңдап көрерсіңдер.
Қайырымды жандар үшін
Шексіз алғыс төгесіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Мәңгі өсіп-өнерсіңдер.
Адамдарға адал болып,
Бақыт нұрын себерсіңдер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері