Жалбарыну – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жалбарыну» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2890
О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,
Жеткіз бақыт таңға.
О, Алла!
Алла, Алла!
Түсір тура жолға,
Істерімді оңда,
Ақ тілекті қолда.
О, Алла!
Алла, Алла!
Құдіретіңе сенем,
Тазарып бар денем,
Иманыңа енем.
О, Алла!
Алла, Алла!
Күнәм болса, кешір,
Қатем болса, өшір,
Мәртебемді өсір.
О, Алла!
Алла, Алла!
Бал тілімді сақта,
Ақ дінімді жақта,
Бақ жерімді сатпа.
О, Алла!
Алла, Алла!
Бойыма бер қуат,
Ойыма бер шуақ,
Жырыма бер суат.
О, Алла!
Алла, Алла!
Қуат берсең маған,
Келгенінше шамам,
Адам болып бағам.
О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,
Жеткіз бақыт таңға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері