Көкірегіме тұтқиылда кеп кірген – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көкірегіме тұтқиылда кеп кірген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Көкірегіме тұтқиылда кеп кірген,
қылыштасып қара құйын — көп мұңмен,
қуанышқа жету үшін бүгінгі
қаншама бір қан майданнан еттім мен.
Алқымымнан алды келіп қанша мұң,
айқасам деп әлсіредім, шаршадым.
Жау қолында жалғыз қалған сарбаздай
шуақ күнді, қуатты үнді аңсадым.
Жеті атасын көріп қайғы,
кектің де,
өтті бастан теперіш те, тепкің де,
күйрей жаздап тұрғаным да есте жүр:
"Бұл өмірдің қажеті не?!"— деп бірде.
Кездерім бар қырға сыймай сенделген,
қайда кете қоям бірақ елден мен,
асыл досты аңсайтыным болмаса
қысылғанда қолын созып, дем берген.
Достар еді айбыным да байлығым,
жіпке тізіп айта берем қайбірін.
Жора-жолдас арқасы еді-ау, тегінде,
бұйым ғұрлы болмайтыны қайғы-мұң.
Жас ұлғайып бара жатыр,
ескі арман,
кең сабадай көңілім бар бос қалған.
Сөйте тұра шуақ іздеп өмірден,
қуат күте берем әлі достардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкірегіме тұтқиылда кеп кірген өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көкірегіме тұтқиылда кеп кірген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкірегіме тұтқиылда кеп кірген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкірегіме тұтқиылда кеп кірген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері