Айша бибі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айша бибі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2335
Әнін жазған Марат Омаров

Айша бибі алаулаған нұр жүзі,
Жаркыраған Шығыстың бір жұлдызы.
Батысында Тараздың тұр күмбезі –
Сұлулықтың сөнбес мәңгі үлгісі.

Қайырмасы:
Айша бибі – махаббаттың жалауы,
Айша бибі – жүректердің алауы,
Айша бибі – о-о-о-о!
Айша бибі – көңілдердің қалауы.

Айша бибі Қараханға барғанда,
Жан-жарым деп жалын атып жанғанда.
Жылан болып жеткізбеді сұм ажал,
Айша бибі қала берді арманда.

Қайырмасы.

Айша бибі – аяулы жар, асыл жар,
Аңсап өткен бірін-бірі асылдар.
Айша бибі – тарихтың нұр тарауы.
Әсем ән боп жасай берер ғасырлар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айша бибі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айша бибі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айша бибі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айша бибі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері