Алтын теңге – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алтын теңге» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3868
Білімділік керек пе?
Сөз жоқ, білім пайдалы.
Бірақ, біздер қайдағы
Бай адамды елеп көп,
Жүреміз ғой білімдіге теңеп те.
Мұндай кезде алған жақсы ойланып;
Жат мінезін түзетем деп бойдағы,
Кісі арына күйе жағып қоймағын,
Сағы сынып, құлқы өзгеріп кетпесін.
Кердең басып керіліп,
Бос мақтанға беріліп,
Абыройсыз жалған даңқпен кеппесін.
Қасиетті кепті осы
Айту үшін түсіндіріп өзгеге,
Кемінде бір кітап болар сөз керек.
Әзілі бар, шыны бар,
Бұл жағдайды мысалымнан ұғып ал.
* * *
Бір жолаушы (жайша жүрген кезбе де)
Алтын теңге тауыпты,
Оның бетін қалың тозаң жауыпты.
Айырбастап алар болса, бұл үшін
Бес тиынның берер еді үш уысын.
«Тоқта, – деді ол, – ойлау керек дұрысын.
Екі есе ғып ақша ұстап бұл үшін,
Қолымды ұры кесіп алар, құрысын!»
Сөйтті-дағы, тас пенен бор, құм алып,
Тауып және кірпішті,
Кірісті іске Шаруа білек сыбанып:
Қарқынменен бір күшті
Кірпішке сап егеді,
Тасқа қойып үйкеді,
Құмменен де сүйкеді;
Істің сәтті бітеріне сенеді.
Алтын теңге жарқыл қағып құбылды.
Бірақ, оның алдағы
Біраз кеміп салмағы,
Енді құны болмай қалды бұрынғы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын теңге өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алтын теңге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын теңге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын теңге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері