Мен бармынғой! – Эльдар Ишберген

Бұл бетте «Мен бармынғой!» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Салынып қатты мұңға құлай берме.
Болмайды отырғаның бұлай жерде.
Мен бармынғой жаныңнан табылатын,
Арқа сүйе, көмегіңді сұрай келде.

Тастамаймын, уаймдама жолға тозған.
Жалғызбын деп жылама, болма тосқан.
Мен бармынғой әрқашан қол созатын,
Мықтап ұста, болайық қамал бұзған.

Сырыңды да жасырма, ақтара бер.
Ешкімге де қарама, сақтана бер
Мен бармынғой қасыңда қорғап жүрер.
Алаңдамай өмірге шаттана бер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар