Қолдаушы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қолдаушы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1174
Кездесіп, қол алысып,
Былай деді танысым:
«Осы сенің керемет
Қолдаушыңның бары шын.
Қашан көрсем, жұмыстан
Ауысасың жұмысқа.
Әрине, өсіп кетесің,
Осынысы дұрыс та.
Көрген адам: «Сіз! – дейді,
«Құп аламыз біз», – дейді.
Сен іздемей жұмысты,
Жұмыс сені іздейді.
Ал, бірақ та, басқалар,
Кеуде соққан қасқалар
Жұмыс іздеп сабылып,
Маңдайларын тас қағар.
Бары анық қолдаушың
Жұмыс тауып, жолдаушың.
Айтшы, достым, жасырмай,
Сонда, кім сол қорғаушың?»
«Достым, ұғып ал, – дедім, –
Адам емес әлде кім.
Қолдаушым да қорғаушым –
Жалғыз Алла жар», – дедім.
* * *
Баспақ болған мысымды,
Достым мені түсінді.
Өзі берген сұрақтан
Өзі қатты қысылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолдаушы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қолдаушы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолдаушы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолдаушы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері