Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны
Бұл бетте «Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген.
Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны,
Кездеспей кеттiк бiздер, кiм кiнəлi?
Көгерiп еккен шыбық,
Көктем шығып,
Қылтиып келе жатыр қыр құлағы.
Қосылып жер мен көктiң əнi бiрге,
Айналды тiршiлiктiң дəнi гүлге.
Көп сырға куə болған ауыл кешi
Кетпей жүр көз алдымнан əлi күнге.
Көктем де сенсiз мынау күзге лайық.
Қыз едiң жалғыз өзiң жүзге лайық.
Жат көзiне беймезгiл iлiктiң бе,
Жүргенде жар болар деп бiзге лайық?..
Күтумен өтсiн мейлi қалған жасым,
Ақ жүрек жалғыз сен деп армандасын.
Жайымнан хабар алмай қайда жүрсiң,
Жазерке жарығым-ау, жаннан да асыл?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі