Тілімнен де, білімнен де шықпай мән – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тілімнен де, білімнен де шықпай мән» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 716
Тілімнен де, білімнен де шықпай мән,
ағайынға тие қоймай түк пайдам,
алты алаштан артылады-ау дерліктей
ақылым да әдірә қап, бітті айлам.
Дәл айтам деп Демосфендей кескінде,
ақтарыла сөйлеуші едім қос тілде,
тәмам елді дүрліктірген даусым да
керек болмай қала берді ешкімге.
Бәдігіне бас ием деп өзге елдің өтті күнім,
кетті бүгін сөзден құн,
Ар мен ұят, —
арсыздық пен аярлық
тасындай боп теңселеді безбеннің.
Күні туып құлақты мен көздінің,
түсінер деп тұрсың бүгін сөзді кім,
біреуі жүр алаңдатып көңілді,
енді бірі жалаңдатып кездігін.
Көңілімді өңірімдей қаусырып,
сөйлемейтін болып барам таусылып,
тектілерім теріс қарап бүл күнде,
ептілерім шыға келді жаусынып.
Қанға сіңген ғадет пе әлде ғұрып па,
арыз айтып көрген болдым ұлыққа,
қала-қала көңілдің де өшті үні,
мөңіреген сиырдай боп тұлыпқа.
Бар еді ғой бір кісілік әл менде,
енді кімді шақырайын жәрдемге?
... Сөзім еді өзімді-өзім жұбатқан,
оқымай-ақ қойшы соны, мән берме!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілімнен де, білімнен де шықпай мән өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тілімнен де, білімнен де шықпай мән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілімнен де, білімнен де шықпай мән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілімнен де, білімнен де шықпай мән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері