Теңізде – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Теңізде» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Хайдолла Тілемісовке

Алдында орыс-қазақ ағайынның,
айдынға құлашымды талай ұрдым.
Хайдеке,
Қара теңіз дегеніңді
қаншама келді менің қақ айырғым...
Қаншама көкіректі кернеп арын,
желіктім,
жеткізем деп елге бәрін, —
Қайтейін, —
обыры бар,
содыры бар,
тоңмойын тобыры бар, —
келмеді әлім!
Жоламай былыққа да,
"шылыққа" да,
теңіздей жатсам деумен, тұнып қана,
түбінде мұңы қалған
ыңыранған
менің бұл көңілімді кім ұқты, аға!
Қайтер ең, —
(түгі де жоқ ұрсар мұнда).
айналып,
жігерің құм,
мұршаң мұңға,
Қаншама қарғымайын,
жарды ұрайын, —
қатыгез қара жартас тұрса алдыңда!
Сондайда...
арнасынан асып арын,
қаншама тасымадым...
жасымадым.
Келсе де көктей өткім. —
жетпей екпін,
теңіздей
тулап барып басыламын!
Келмеді,
қаншама бір, жүзгім өрге,
бермеді,
қасарласып, тізгін ел де.
Жаралған теңіз болып көкірегім,
айналып бара жатыр тұзды көлге!...
...Жақты ма жамбасына майда құмы,
шығады жағажайдың жайдары үні.
Хайдеке, кешіріңіз,
Қара теңіз
есіме салды-ау менің қайдағыны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңізде өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Теңізде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңізде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңізде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері