Самарқанға сен неге бармай қалдың? – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Самарқанға сен неге бармай қалдың?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Бұралған балдырғаным,—
талдай балғын,
бұйырмай қойды-ау дәмі шалғайлардың!—
Уәде беріп тұрып,
ере тұрып,
сен неге Самарқанға бармай қалдың?!.
Уәде бере тұрып,
көне тұрып,
айтар деп кім ойдаған сені өтірік,
Соншама сенгеніме,
енді егіле,
біржола жүрсін деп пе ең мен өкініп?
Қасында құрақ ұшқан жанды кермей,
қалқам-ай, қалай ғана қалдың ермей?
Жұптасып жүрмес пе едік
біз де бүгін
Самарқан барып қайтқан барлық елдей!
Шағынам енді, жаным, өзге кімге,
Жас толып шыға келді-ау кезге мүлде,
Уәде бере тұрып,
ере тұрып,
айнып-ақ қалғаныңды сезгенімде.
Себебі болды деп бір бармайтындай,
азырақ не де болса, алдай тұрмай,—
Самарқан сапарына сақтап жүрген
көп сөзім
көкейімде
қалды айтылмай!..
Жаным-ай, жағада өскен талдай балғын,
бұйырар дәмі қашан шалғайлардың!
Уәде беріп тұрып, ере тұрып,
қайтейін,
Самарқанға бармай қалдың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самарқанға сен неге бармай қалдың? өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Самарқанға сен неге бармай қалдың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самарқанға сен неге бармай қалдың? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самарқанға сен неге бармай қалдың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері