Нұрмахан Оразбеков – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Нұрмахан Оразбеков» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1491
Ауыздыларға сөз бермей
Асыға жүріп өзгермей,
Таразы басын тең ұстап,
Теңселіп тұрған безбендей.
Елдің сөзіне тез көнбей,
Еңсең бір түсіп езденбей,
Мансапты болған кезде де
Ит көрген ешкі көзденбей;
Басыңнан бір сөз асырмай,
Бағыныштыларыңды басынбай.
Ақтарып айтар сырыңды
Әлдекімдерше жасырмай;
Ылдидан салса, төске өрлеп,
Дұшпаның бұғып, дос терлеп,
Жана да қоймай бақ кейде,
Қала да қоймай көштен көп;
Ішіп те күліп әр тұста,
Түсіп те жүріп тартысқа,
Әне де міне дегенше,
Келіп те қапсың алпысқа!...
Ұнай ма, жоқ па бұл батам,
Ұнамаса да тыңдатам! –
Жүзі кетілмес семсердей
Жарқылдай бер тек, Нұрмахан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрмахан Оразбеков өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Нұрмахан Оразбеков өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрмахан Оразбеков өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрмахан Оразбеков өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері