Ғабит аға – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ғабит аға» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Қалпында бірде кердең, бірде менмен,
ұқсамай өзгелерге күнде көрген
қайда да биігірек тұрушы едің
айнала биікпіз деп жүрген елден.
Құйылып көмекейден дара тілді ән,
Кісі едің.
кісіліктен жаратылған,
ерлік — от алдында да Сен жүріп ең,
зеңбірек аузында да өр атылған.
Ұқтырып ұлтыңа тән ерлік барын,
бұққанда ұлық біткен, сен бұқпадың,
от-жалын өзегіңнен өрт шығара,
ішіңе жия келіп шер ғып бәрін,
бұйырып маңдайыңа үздік бақыт,
шығардың соның бәрін сыздақтатып.
(Көлкіген сорпа-судың арасында
әр сөзің тұрушы еді-ау тұздық татып).
Жетті ме, жетпеді ме баққа қолың,
далаға кетпеді тек атқан оғың,
Қыжырттың қазақты да қаншама бір
туысқа тарпаң, асау, жатқа момын.
Серілік селдіреп-ақ қалды ма деп,
Ақаннан жұқты ма әлде салдық әдет,
әйтеуір,
дұшпаның да, іштарың да
жүгінбей кеткен емес алдыңа кеп.
Еншіңе елден ерек тиіп ерлік,
шарт сынар шағынды да жиі көрдік.
Ағатай,
жан едің-ау
жасағанның
біз үшін бере салған сыйы дерлік.
Берсе деп қысылғанда өзіңіз дем,
қауышам күніге бір сөзіңізбен.
Дарасыз, қайран Ғаба,
сондықтан да
барасыз бұл-бұл ұшып көзімізден!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғабит аға өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ғабит аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғабит аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғабит аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері