Булыға ма көмекейде көмескі үн – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Булыға ма көмекейде көмескі үн» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 757
Булыға ма көмекейде көмескі үн,
көңілімде күте қояр жоқ ешкім,
Тәттілігі тағы бардай шын аңсап,
бір адамды сағынардай емеспін.
Ұят та ғой бастан қызық өтті деу,
қайда бірақ көкірекпен көк тіреу.
Азғырса да,
жазғырса да жазықсыз,
ұнатарлық,
жылатарлық жоқ біреу!
Құйқылжитын күні-түні бір тынбай,
көңіл бүгін көшкен елдің жұртындай.
Қой маңырап,
қозы жамырап жайлаудан
жалыққандай,
жабырқаулы шіркінді-ай!
Бір жылт етіп қалғанымен от кейде,
Көкейімді тесе қояр жоқ бейне,
Зарықтыра қоймағанмен, құдай-ау,
тым құрыса қамықтыра кетпей ме!
Әзілдеспей кешегі ыстық құрбыммен,
бүгін неге бұйығылау жүрмін мен.
Бұрынғыдай тасымай да жасымай,
бұл көңілге не болғанын кім білген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Булыға ма көмекейде көмескі үн өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Булыға ма көмекейде көмескі үн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Булыға ма көмекейде көмескі үн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Булыға ма көмекейде көмескі үн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері