Біз екеуміз

Бұл бетте «Біз екеуміз» атты Құттыбек Баяндин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

1. Жігіт:
Қайтқан қаздай,
Жұпты жазбай.
Бақыт құсы
Қонған жандай,
Сен де ғашық болып ең.
Дәмі балдай,
Құмар қанбай,
Қыр соңынан
Қыздың қалмай,
Мен де ғашық болып ем.

2. Қыз:
Сықылықтап,
Сылқым бұлақ.
Құшағыңа
Құрбың құлап,
Сен де ғашық болып ең.
Өрт боп жанып,
Естен танып.
Көрместей боп,
Көңіл қалып
Мен де ғашық болып ем.

3. Жігіт:
Адастырып,
Таластырып.
Жүректерді
Жарастырып,
Сен де ғашық болып ең.
Ай өтерін,
Жыл жетерін.
Білмей ғұмыр
Зу етерін,
Мен де ғашық болып ем.

4. Қыз:
Күйем деп те,
Сүйем деп те.
Басқа бақыт
Үйем деп те
Сен де ғашық болып ең.
Алдағанға,
Арбағанға.
Көнбей ешбір
Басқа жанға,
Мен де ғашық болып ем.

5. Қыз бен жігіт:
Сән болсын деп,
Ән болсын деп.
Мына өмірде
Мән болсын деп,
Сен де, мен де ғашықпыз.
Сүйдірмеген,
Бүлдірмеген,
Махаббатқа
Күйдірмеген
Ғұмыр жалған ғашықсыз.
А-а-а...........
Гүл өмірге, бұл өмірге,
Біз екеуміз ғашықпыз.
Ән өмірге, сән өмірге,
Біз екеуміз ғашықпыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз екеуміз өлеңінің авторы кім?

Құттыбек Баяндин — осы өлеңнің авторы.

Біз екеуміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз екеуміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құттыбек Баяндин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз екеуміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері