Асыққан алыстағы ақша таңға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Асыққан алыстағы ақша таңға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 662
Асыққан алыстағы ақша таңға,
Сал ақшам ат шалдырмас қақсасаң да.
Қондырып аққу-айды иығына,
Салады ымырттың ол тұйығына.
Айрылған үйірінен аққу сынды –
Сыңсиды әлде қайдан «Гәкку» мұңы.
Сәулемді сағынам мен жастықтағы,
Күндерде адастырған қақтықпалы.
Ұқсаған қарау түннің тіреуіне –
Қараймын көп жұлдыздың біреуіне.
Сәулемді көрмедің бе адастырған,
Өткінші уанышқа жанастырған?
Қайран қоңыр іңірім қондырмалы,
Күйдірмеді тәнімді, тоңдырмады.
Жерге айда табиғат ғашық қылған,
Зыр жүгіртіп тәулікті асықтырған.
Айға ұмтылған пендеге бақ дари ма,
Теңім менің қайда екен, ах, дариға?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыққан алыстағы ақша таңға өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Асыққан алыстағы ақша таңға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыққан алыстағы ақша таңға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асыққан алыстағы ақша таңға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері