Кіжіну – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Кіжіну» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2457
Біреулерге үміт арттық текті деп,
Сын сағатта сүрінбегей деп тілеп.
Сол тектілер ұсақталып барады,
Жан-жағынан шырмап алып ептілер...
Балақтағы бит шықты ғой басқа бұл,
Қалталыға құл болып жүр асқақ ұл.
Жүліктердің беріп-ақ тұр «құдайы»,
Сүліктердің қан соруы - қас қағым.
Қара тасты кессең де, су шықпайды,
Қара суық түссе, малың ықтайды.
Алдамшының екі көзі ойнақшып,
Сөйлегенде, аузы-аузына жұқпайды.
Мұның бәрін көзбен көріп келеміз,
Қашанғы біз көбік сөзге ереміз.
Бауыздарда бақырады лақ та,
Деуші еді ғой елі менен ер егіз.
Мағына жоқ, өтіп жатқан күндерде,
Қайда барып, шағамыз мұң кімдерге?
Абай аға, оянсаңшы ұйқыңнан,
Ащы ақылың керек боп тұр біздерге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кіжіну өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Кіжіну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кіжіну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кіжіну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері