Мына заман қай заман — түлкі заман – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мына заман қай заман — түлкі заман» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 2006
Мына заман қай заман — түлкі заман,
түлкіңіздің, тәңірі-ау, сұрқы жаман,
қысылмайды түктен де, кеміріп жеп,
өліктің де біткен бе ұртына жан?!
Шайнаңдайды, шынашақ айналмайды,
тайраңдайды тәйтігі, сайрандайды,
шоқпар-ұлға бар ісін артып қойған,
тоққарынға дарысын қайдан қайғы.
Өліп бара жатқандай асап бәрі,
судай ақты қара жер — қасап қаны,
ептілері екі жеп,
кектілері
тығылады тасаға — тас атқалы.
Білсем деген бірі жоқ ер қадірін,
қайғы беріп қор етті дегдар ұлын.
Қарға адым жер бұрын да бастырмайтын,
аштырмайтын болыпты енді адымын.
Өрге шықса обыры, оңбағаны.
ол да сенің ұлтыңды қорлағаны.
Онды-солды шашады байлығыңды,
айлығыңдай өзінің дорбадағы.
Бірі тонап обырдың, бірі қолдап,
біреуі орға жығады, бірі қорғап.
Көзге де ілмей қалың ел — жай халықты,
айналыпты мақтанға ұры болмақ!
...Мына заман қай заман — түлкі заман,
түлкіңіздің, ағайын, сұрқы жаман,
ескі жұртты айналып жүріп алдық,
түгіміз жоқ әзірге күрт ұзаған!
...сұрқы жаман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына заман қай заман — түлкі заман өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Мына заман қай заман — түлкі заман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына заман қай заман — түлкі заман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мына заман қай заман — түлкі заман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері