Насыбай. Шал мен кемпір

Бұл бетте «Насыбай. Шал мен кемпір» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1596
Қисайып көне тулақ-елтіріге,
"— таршылық көрмейсің, деп, мен тіріде",—
қутыңдап қаршығадай қартың отыр
насыбай уқалатып кемпіріне.
Сөзінің аяғы жоқ,
басы қайда, —
отыр шал омырауын ашып айға,
шұбырып сілекейі төне түсер
кемпірі уқалаған насыбайға.
Үлкені осы болып мұратының
танауы таппай-ақ тұр, сірә, тыным.
Ерінге ытқыта бір жеберсе ғой
көк бурыл насыбайдың бір атымын!
Суалған екі жаққа ұрт бітіріп,
тілімен кетік тісті бырт-бырт ұрып,
көтеріп кемиегін кемпіріне,
жатсам-ау, деп отыр ма, шырт түкіріп?
Енді оған керек те емес жалған атақ,
ешқайда бармайды
атын талға матап,
насыбай уқалатып кемпіріне
жатқаннан шалың үшін бар ма рахат!
Желбіреп етегі мен жең түріле,
"— жамандық кермеспін, деп, сен тіріде",
шалының насыбайын үгіп беріп,
қояды күлмең қағып кемпірі де.
... болмасын жүйкесі де ту-талақай,
насыбай уқалап бер, уқала, апай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Насыбай. Шал мен кемпір өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Насыбай. Шал мен кемпір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Насыбай. Шал мен кемпір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Насыбай. Шал мен кемпір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері