Ләйлектер келгенде – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Ләйлектер келгенде» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1948
Таңдай ақшыл жарасып көйлектерің,
Тәнмен сезіп ұзақ жол бейнеттерін,
Жапония жері ме, Африка ма,
Қай арадан қайттыңдар, ләйлектерім!
Мейірімге арналып алғыстарың —
Ескерткіші ед қалдырған соңғы ұстаның
Мұнараның басынан
Мұңға шомып,
Қарайсыңдар, азайған паң құстарым!
Ұзамаңдар айналып жиі елеске.
Қанатымен құсты құс сүйемес пе?
Жылы ұяда жыл сайын көбейіңдер,
Ұя деген құстардың үйі емес пе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ләйлектер келгенде өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Ләйлектер келгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ләйлектер келгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ләйлектер келгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері