Алтын жаңбыр – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Алтын жаңбыр» атты Күләш Ахметова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2863
Әбділда Тәжібаевқа

Дайындаған жырға тілін —
Дарияның жағасында.
Ақмешіт пен Алматының
Ізі жатыр арасында.
Ұлы жырдан тамыр өріп,
Ұлы Сырдан қанып ішкен.
Өлең жазған еміреніп,
Мөлдір-мөлдір сағынышпен.
Жүрегінен мұң кетпеген —
Жұртын сүйген, төзім берген.
Жан рухын суреттеген
Жарқын-жарқын сезімдермен.
Ұлан бақыт аңсаттырған —
Нұрлы күндер болды қандай!
Жылап жатып қаусап тұрған —
Мұңды күндер болды қандай!
Өрге тартса қоңыр көшің,
Даңқ тұғыры — қия беткей!
Дауыл жықпай ғұмыр кешу —
Қиын болар қияметтей!
Күрделі — өмір өрнектері.
Өткерген-ді халқым бәрін.
Сексен жылда көрмеп пе еді
Сан тереңнің тартылғанын?
Берді тағдыр белестерін,
Тиді қиын сұрақ оған.
Қалу керек емес пе еді
Құлагерлер құламаған?!
Жанған жылдар елестері —
Шындық, күрес, айтыспенен.
...Қалу керек емес пе еді
Бәйтеректер жай түспеген?!
Ғұмыр керек тұлғалы ерге,
Ақын кем бе кемеңгерден —
Дәуір бойы туған елге
Алтын жаңбыр өлең берген?!
Ашар адам парасатын,
Жасар жаңа аңызды өзі.
Гүл мен құрмет жарасатын
Әкеміздің — абыз кезі!
Сұңқар үнмен түлеп ұштық,
Іңкәр едік сазға мұндай.
Жырлары әлі —
Жүрегі ыстық
Жас ақынның жазғанындай!
Жыр — жанында, жүрегінде.
Сұрар бата, дұға кімнен?
Неткен бақыт бұл өмірде
Өз шыңына шыға білген?!
Жабыққанда дауа дерсің,
Жан нұрына шарпылған жыр.
Жарық түнде жауа берсін
Ақ қағазға алтын жаңбыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Алтын жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алтын жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері