Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай,
жан-дүнием жаншылады жай таппай,
Тұз көгеріп жарыта алмай жатқанда,
күз де келіп қалғаны ма байқатпай!
Не бітіре қойдым дейін? Не тынды?
Айтам енді елге де не бетімді?
Әлі күнге аяқталған түгім жоқ,
таяп қалған секілді ме екінді!
Қарап тұрсам —
үркер өшіп,
Ай да ауған,
не шығады өзімді өзім қайраудан.
Алақанын жаяды қыр әлі де,
құтылмадым баяғы бір байлаудан.
Келді деймін кемеліне...
келді күн,
енді, деймін,
өзіме өзім...
ендігің...
білсеңші, деп,
қойған болам біресе,
кімге қарап отырғанын ел бүгін!
Қыл мойынды қиып түскен құрықтан
құтыла алмай жүргенімді кім ұққан.
Зымыраумен өтіп жатыр күндер тек,
менің мұнда бар-жоғымды ұмытқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбасыма жайлы тиді қай тақтай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері