Біздің жомарт өлкеміз

Бұл бетте «Біздің жомарт өлкеміз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Көңілі кең, қолы ашық ерте күз
Зер киінген тәрізді жас ерке қыз.
Еңбек күйін шырқап, билеп тұр толқып,
Біздің жомарт, астықты тың өлкеміз.
Жара жүзген дән теңізін айдынды,
Комбайн бір нән крейсер айбынды.
Кеме үстінде капитандай қасқиып,
Келе жатқан танып тұрмын Айгүлді.
Комбайнның жеделдетіп жүрісін,
Бара жатыр қусырып дән тынысын.
Гүл жеңешем берекелі қолымен,
Жиып өзі жүр елінің ырысын.
Көңілі кең, қолы ашық, ерте құз,
Зер киінген тәрізді жас ерке қыз.
Миллардың төгіп тастап алдына,
Тұр толықсып астықты тың өлкеміз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің жомарт өлкеміз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Біздің жомарт өлкеміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің жомарт өлкеміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің жомарт өлкеміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері