Сен кім едің? – Табылды Досымов

Бұл бетте «Сен кім едің?» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3211
...Мен тастап кеткен қыз сыртыңнан,
Отырам кешірім сұрап мен...
Марат Отаралиев

Ол ақынды көрге бір-ақ тепкенбіз,
Ол ақынсыз өтіп жатыр көктем, күз...
Келді менің енді өзіңді бір көргім,
Сен кім едің, Марат тастап кеткен қыз?!

Сені іздеді пәк көңілім шынайы,
Сен кім едің, қыз біткеннің құдайы?!
Қай қиырдан табыласыз енді сіз,
...Белгісіз,
Бір ағайдың жұбайы...

Таныр болсам сен кім едің демес ем,
Ақынға жар бола алмадың неге сен?
Талай жанды дүниеге әкеліп,
Абайжанды таба алмаған жеңешем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кім едің? өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Сен кім едің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кім едің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кім едің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері