Магнолия – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Магнолия» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 526
Құзында қыран жаңғыртса шыңды,
Қияда шұбап бұлт керуен көші.
Табиғат дарқан көрмесі сынды,
Сыңсыған ағаш қарт Кавказ төсі.
Ішінде соның ару сындарлы,
Аспанмен талас Магнолияны
Қызғалдақ қыздар арасындағы
Сұлуы ерек десең сыяды.
Толқынды бұйра шашына қалың
Әсем гүл – ақ бант қадаған тізіп.
Магнит сынды... Жетсе егер қолың,
Бақытты жігіт, көр бірін үзіп...
Тәкаппар ару тілдескен көкпен,
Тулаған теңіз толқынын тыңдап.
Аймаққа әсем хош иіс төккен,
Бөгде жан білмес сыры бар жұмбақ.
Жұпарын жұтсаң, айналар басың,
Қалуың мүмкін ұйықтасаң тұрмай.
Момақан ару әп-сәтте қасын,
Алады сені еш тұзақ құрмай.
Әлде бұл Кавказ аруы ма екен,
Бабадан мирас қан кегін жиған,
Ата жолы үшін анадан бөтен,
Жақынын, жарын елімге қиған!
Әлде бұл қайсар кавказдық, кіл көк
Бөркіне бұйра ақ қанат таққан.
Қодардай емес, тікенсіз гүл боп,
Аруға кінә аударып жатқан.
Зұлымдық біткен сұлуға мирас
Оқысаң халық аңызын, жырын.
Сол деуге мұны жүрегің қимас,
Ал түсін, достым, сұлудың сырын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Магнолия өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Магнолия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Магнолия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Магнолия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері