Астана мерекесі

Бұл бетте «Астана мерекесі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2769
Тұрған таңғы ұйқысынан ел ерте,
Бүгінгі күн Алматыда мереке.
Көк көйлекті келіншектей кең өлке.
Әтір суын бүріккендей жел ерке.
Бүгінгі күн Алматыда мереке.
Қазақ тауы сілкіп қарлы қабағын,
Атырапқа тастайды көз жанарын.
Кеудесінен күйдей бұлақ ағады,
Күншығыстан көтерді күн жалауын,
Бүгінгі күн мерекесі даланың.
Құшағына қысып алып бидайды,
Тың даласы тыңнан бір жыр жырлайды,
Шулайды орман,
тулайды өзен тынбайды,
Қазақстан омырауында ұлы орден,
Қуанышым қойыныма сыймайды.
Өздері де кең даладай бейнелі,
Бәрі осында республика ерлері.
Жанды олардың жұлдыз болып еңбегі,
Елдің күшін, ердің ісін мадақтап
Алматымнан Ворошилов сөйледі.
Қыран бүркіт дауысындай саңқылдап,
Алатаудан шалқиды күй аңқылдап.
Бүкіл дала қалды тұнып ән тыңдап,
Жұлдызды түн, айлы аспанның астында
Толқиды ту, орденді ту жалтылдап.
1956
* * *
Сонау Торғай өзендері, көлдері,
Қайтіп қана ұмытармын мен сені.
Өзің бастап келдің мені өлеңге.
Өлең жазбай жарылам ба, өлем бе?
Әркім елге тартар қолда бар сыйын,
Менің тартар өлеңдерім жан күйім.
1956
* * *
«Болмасын,— деп,— түбінде қор»,
Істей қалсаң жақсылық.
Күндердің бір күнінде ол,
Кетеді екен қас қылып.
«Болмасын,— деп,— түбінде қор»,
Есіркесең ескеріп.
Ит сияқты түбінде ол
Кетеді екен көшке еріп.
Ондайларға жүре алмадым,
Бұдан былай дос болып.
Енді ойнап, күле алмадым,
Бара берсін қош болып.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана мерекесі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Астана мерекесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана мерекесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана мерекесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері