Өлеңсіз өтер көп күндер

Бұл бетте «Өлеңсіз өтер көп күндер» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Өлеңсіз өтер көп күндер,
Салқындап, саспай, самарқау.
Достарым, қайда кеттіңдер,
Білмедім, күйім сол аңқау.
Отырсам ұзақ үйде мен,
Кеудемді қиял ап қашар.
Бір сезім ару билеген,
Қараңды көрмей қақпа ашар.
Көңіл жүр түрлі күй аңсап,
Шымырлап ана қаныммен.
Тербеліп бір сәт уансақ,
Өзіңнің алақаныңмен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңсіз өтер көп күндер өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өлеңсіз өтер көп күндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңсіз өтер көп күндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңсіз өтер көп күндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері