Ар кеңесі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ар кеңесі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 574
Өмірге адам келмейді атақ үшін,
Сыпайыға бақыт үн қатады шын.
Лауазымның құлынын, көбейгені,
Жасырмаймын жаныма батады шын.
Азаматсың алдымен айналаңа
Дейді арым ақыным, жай қарама.
Жүк көтерген екенсің ауырсынба,
Қия жерде қаймықпа, тайғанама.
Тайғанасаң, досыңды қайдалама,
Қояйын деп есеппен пайдалана.
Пасықтықпен шыққанша шың басына,
Елеусіз-ақ қал тіпті айдалада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ар кеңесі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ар кеңесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ар кеңесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ар кеңесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері