Уәкіл мен Жәркебай – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Уәкіл мен Жәркебай» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1207
Уәкіл:
Барды жинап ұқыптап,
Неге дұрыс ұстау жоқ?
Жәркебай:
Бар нәрсеге қарауыл
Қойсын деген нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Басқармалар фермаға
Неге басын сұққан жоқ ?
Жәркебай:
Күнде сонда отыр деп,
Келген бізге нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Жайлауға да бармапсың,
Дейді: ауылдан шыққан жоқ.
Жәркебай:
Жалғыз өзің шаба бер
Деген бізге нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Жолда көпір қирапты,
Оған неге шпал жоқ ?
Жәркебай:
Шпал тауып көпір сал
Деген бізге нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Қағаздан сүт тамбайды,
Бүйте берсек сүт түгіл,
Сиырдан түк қалмайды.
Председатель:
Тамызасың, табасың,
Пішенді де шабасың,
Күндіз-түні бағасың,
Литр - литр сүт болсын.
Тұла бойы құт болсын, —
Дейді даусы қатайып,
"Жаңаталап "колхозы,
Председатель Матаев...
Аты-жөнін жасырмай,
Анықтап-ақ атайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уәкіл мен Жәркебай өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Уәкіл мен Жәркебай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уәкіл мен Жәркебай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уәкіл мен Жәркебай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері