Кенжебекке
Бұл бетте «Кенжебекке» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кенжежан десе Кенжежан,
Тең емес оған өзге жан,
Чапаевтай кеудесі
Керілсе жанды қозғаған,
Найза бойлы нар кескен
Жаманға құлаш созбаған,
Мінез жібек сабырлы,
Торқадай кисең тозбаған,
Сүйсең сондай жігіт сүй
Тең келмес оған боз балаң,
Кіршіксіз кірпік астынан
Жаудырап бота көздері
Жалт еткенде ұшқындай
Көзінде шалмас өзгені,
Ертегідей өзі өлең
Сымбатты сұлу сөздегі.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі