Бұл бетте «Бір түнде» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Колхозды ауыл бұлтсыз таза күн батқан
Мезгіл еді ұйқысына ел жатқан.
Келі жатты жігіт пен қыз қыдырып,
Қалған білем оңашалау кідіріп...
Ауыл сыртын бұлар кезіп келеді,
Қыз тыңдайды, жігіт сөйлеп береді...
Күліседі, әзілменен қағады,
Екеуіне не айтса да жағады...
Бұлар міне бір бақшаға бұрылды,
Әне отырды, тағы неге кідірді?...
Сезім жеңді, отты қ ұшақ ашылды,
Ыстық беттер бір-біріне басылды...
Тіл байланды...қос жүректер сырласты,
Махаббатты үнсіз ғана жырласты.
Жастық шіркін еркін алды, қоймады,
Сүйді, құшты үнсіз ұзақ тоймады...
Құшқан сайын гүл-гүл жайнап барады,
Бір шоқ талдан ай да ақырын қарады...
От құшақта алаулаған қос ғашық
Тынық түннен жанға рақат табады.
Ертең көрдім бұларды егіс басында,
Бірі қырда, бірі тоғай қасында,
Комбайнда отыр екен күлімдеп,
Бұ да әмірім, бұ да менің жырым деп...
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі