Біреуге – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Біреуге» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1597
Көлденеңдеп әр жерден кез келесің,
Сұм ниетпен күнде қырық өзгересің.
Өзің алтын секілді жарқ-жұрқ еткен
Адам алмас өзгені жез кересің.
Тұңғиық ой түбіне бір бармаған.
Өз анаңды сұмдықпен күнде арбаған...
Ішің жауыз... Қап-қара жан жүресің,
Ит екенсің, ежелден ел қарғаған.
* * *
О, Мұсекең, Мұсекең,
Сөзі жарқын кісі екен.
Қола да екен, мыс екен.
Түнде көрер түс екен.
Жылдап қусаң жеткізбес
Сабаз, ұшқыр құс екен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері