Ұсыныс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұсыныс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1087
Атышулы Құрым
Айтып барлық сырын,
Ғашығына хат жолдады:
«Сәулем, саған тап болғалы,
Ойымнан бір кетпей қойдың,
Уақытым өтпей қойды.
Күндіз күлкім қашты,
Түнде ұйқым қашты.
Жаралғансың керім болып,
Елестейсің перім болып.
Әсіресе, сенбіде анау,
Секілді едің сен бір алау...
Бар тағдырым қолыңда тұр,
Тілегімді орында бір:
Үйленейік, жайланайық,
Бір қазыққа байланайық.
Өзің сұлу толған айсың,
Маған шықсаң, қор болмайсың.
Ханға лайық сарайым бар,
Сарай толы торайым бар.
Өзен жақта бақшам да бар,
Машинам да, ақшам да бар...
Сырым осы біле білсең,
Жалғыз ғана тілегім сен.
Бір көргеннен ғашық қылдың,
Тием десең – асық құрбым.
Әйтпесе, аузың қағылады,
Басқа бір қыз табылады».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұсыныс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұсыныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұсыныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұсыныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері