Ән­-домбыра

Бұл бетте «Ән­-домбыра» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 9408
Саған ғана жан сырымды ашайын,
Саған ғана маржанымды шашайын.
Қосыл кәне әуеніме, домбыра,
Қоңыр кеште қоңыр әнге басайын.

Қайырмасы:
Ән­-домбыра,
Жан­-домбыра.
Балқытшы бір жанымды.
Жезтаңдайым,
Бозторғайым,
Тамылжытшы әніңді.

Бір өзіңде дала менен тау үні,
Бір өзіңде ғасырлардың дауылы.
Сен сөйлесең тебіреніп, толғанып,
Қара жердің елжірейді бауыры.

Қайырмасы.

Жыр-домбыра,
Сыр-домбыра,
Жаралғансың бағыма.
Тіл білгішім,
Бұлбұл құсым,
Сайрашы бір тағы да.

Сал домбыра, жан серігім жасымнан,
Сен қымбатсың жердегі бар асылдан.
Бабалардың аманатын арқалап,
Жеттің маған сонау алыс ғасырдан.

Қайырмасы.
Күй-домбыра,
Би­-домбыра,
Бүлкілдесін көмейің.
Көңіл сазым,
Қоңыз қазым,
Енді саған не дейін!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән­-домбыра өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ән­-домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән­-домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән­-домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері